Call for contributions (Kazakh)

The reference version of this document is published at https://roadworkasia.com/online-exhibiton/.

Қазіргі заманғы өнердің онлайн көрмесіне қатысуға шақыру

Біз Орта Азиялық суретшілерді жолдар мен олардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық мәселелеріне арналған заманауи өнердің пәнаралық онлайн жобасына өз үлесін қосуға шақырамыз.

Тақырыбы

Жолды «саяхат» метафорасы ретінде және көлік инфрақұрылымының элементі ретінде қарастыру. Әлеуметтік және саяси өзгерістердің жолдарға деген ықпалы (мысалы, Кеңес Одағының ыдырауынан кейін құрылабасталған жолдардың тағдыры). Олардың жөнделуі мен тозуы. Жолдың өміріндегі адамның рөлі мен адам өміріндегі жолдардың рөлі. Жолдарды өтпелі (материалдық, әлеуметтік және метафоралық) объект ретінде қарастыру. Бұрында орталық жол болып, одан кейін перифериялық жолға (және керісінше) айналған жолдар. Жолдар мен руханият: қажылық пен бақсылық саяхаттар. Жолдардың мәдени маңызы. Түйістіретін жолдар мен айыратын жолдар. Күнделікті өмірде жолмен өзара әрекеттесетін адамдардың хикаялары. Жол мен уақыт, жол туралы естеліктер. Жолдар мен қапы жіберілген мүмкіндіктер. Жол мен бақытты өмір туралы армандар. Жолды қамқорлық пен махаббат объектісі ретінде қарастыру. Қараусыз және иесіз қалған жолдар. Жолдар мен колониализм.

Жолдардың адам мен жануарлардың өміріндегі маңызы, оларға қаншалықты қамқорлық пен еңбек қажет екені, олардың қоршаған ортасын қалай өзгертетіні, олардың ландшафтта қалай ыдырайтыны, өзгеретіні және қансырауы туралы  көркемөнер түрінде ойлануыңызға шақырамыз.

Біздің мақсатымыз – жолдарға арналған онлайн көрме мен кеңістікті құру.

Ұйымдастырудың егжей-тегжейі

Швейцариядағы Цюрих және Фрайбург университеттерінде орналасқан ROADWORK зерттеу жобасы (https://roadworkasia.com) жоғарыда аталған тақырыптарға байланысты жеке және ұжымдық көркем жобалардыұсынуға шақырады. Көркем жобаларды виртуалды түрде немесе кез келген басқа түрде ұсынуға болады, бірақ ол онлайн форматта ұсынылуы керек. Шәкіртақы қорының жалпы сомасы 6000 швейцариялық франк. Бұл сома барлық табысты ұсыныстар арасында бөлінеді. Бір көркем жобаға бөлінетін сома 200 швейцариялық франкпен (жеке немесе кішігірім кураторлық жобалар) 800 швейцариялық франк (ұжымдық жобалар немесе мультимедиялық тарих сияқты көп уақыт алатын жобалар) арасындағы мөлшерде бөлінеді. Өтінімдематериалдық қажеттіліктер жайлы талап басқаша қойылмаса, қорлар жұмыстар дайын болып ұсынғаннан кейінғана беріледі (аванстық төлем тек жеке келісім бойынша беріледі).

Жұмыстардың жеңуі туралы шешімді ROADWORK командасы мен халықаралық кураторлар тобы қабылдайды. Біз келесі елдердің суретшілерін қатысуға шақырамыз: Қырғызстан, Қазақстан, Моңғолия және Қытайдың Шыңжаң, Цинхай және Ішкі Моңғолия провинцияларын, яғни жол жұмыстары жобасының өңірлік бағытынқалыптастыратын облыстар шақырылады

Көркем жобалар келесі үш санатта қабылданады

  1. Жеке адамдар мен топтардың концептуалды өнер туындылары. Бұл санатта бейнелеу өнері мен дыбыс өнері саласындағы бірегей көркем жобаларды қабылдаймыз (олар сандық форматта онлайн ұсынылуы керек).
  2. Заманаралық, ғылыми-зерттеу немесе мультитәртіпті өнер туындылары. Бұл санатта біз әр-түрлі буын өкілдерінің бірге орындаған өнер туындыларын қабылдаймыз. Мысалы, олар дайын өнер туындысын бірлесе сандық форматқа айналдырып, негізгі идеясын жаңаша жеткізген болса болады.
  3. Кураторлық шағын жобалар. Бұл санатта текстілік және фото мұрағат материалдарымен, тарихи жазбалармен, жанұя немесе қауымдастық ішінде жүргізілген фото тәжірибелермен және қазіргі фотосурет коллекцияларын кураторлаумен байланысқан жобаларды қабылдаймыз.

Қалаулы форматтар

Виртуалды және сандық өнер, дыбыс өнері, цифрландырылған өнер, жазба немесе онлайн ұсынулар және құжаттап, көрсетіп және жолдың адам өміріндегі рөлін зерттейтін тақырыптағы мультимедиялық хикаялар.

Арт-жобалық ұсыныстың құрылымы

  1. Көрмеге қатысушылардың түйіндемесі
  2. Жобаның тұжырымдамасы және сипаттамасы (ең көбісі 3000 сөз)
  3. Жобаны орындау үшін сұралатынбюджет сомасы(мұнда жобаны орындау үшін қанша материал, қанша уақыт және мүмкін болатын сапарлар қанша тұратынын сипаттаңыз)
  4. Байланыс деректері
  5. Сіздің портфолиоңыз (бұл міндетті емес, бірақ ол сізге артықшылық береді. Сіздің портфолиоңыз бізге жұмысыңызды контекстілеуге көмек етеді).

Жобалараыңызды орыс немесе ағылшын тілінде мына электрондық почтаға жібере аласыз: contact@asphalt-lines-lives.com

Бағалау критерийлері

  1. Тақырыпқа берік сілтеме
  2. Инновациялық және / немесе эксперименттік сипат
  3. Онлайн көрмені өткізу үшін форматтың жарамдылығы
  4. Үш шақыру санатына қатысты көркем шығарманың күші (концептуалды шығармалар, заманаралық/трансматериалды өнер, кураторлық жобалар)
  5. Күшті тұжырымдамалық сипат
  6. Жобалар арасындағы аймақтық теңгерім, сондай-ақ суретшілер арасындағы гендерлік теңгерім.

Кейінгі әрекеттер

Ұсыныстар берудің соңғы мерзімі2020 ж, 31 қазан
2020 ж, 15 қазан
Таңдалған ұсыныстар тізімін хабарландыру және жобаларды іске асыруының басталуы2020 ж., 30 қазан
Дайын көркем жобаларды ұсыну2021 ж., 31 қаңтар
Онлайн көрмеге дайындалу2021 ж., ақпан мен мамыр аралығы
Көрменің ашылуы2021 ж., маусым
Интеллектуалдық алмасу, келіссөздер, желілік және кураторлық пікірталастар үшін ашық онлайн алаң2021 ж., маусым мен желтоқсан аралығы

Авторлық құқық шарттары

Көрмеге қатысатын жобалар мен өнер туындылары Creative Commons Attribution-NonCommercial-ShareAlike 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша онлайн қойылады.

Этика

Көркем жобалар жобаға қатысушыларға, қоршаған ортаға, басқа адамдарға және барлық тірі жандарға құрмет көрсету көңілінде жүргізілгені өте маңызды. Біз жоба аясындағы барлық жұмыстар “зиян келтірмеу” принципі бойынша жүргізілгенін қалаймыз және біз сіздерді бұл принципті өз жұмыстарыңызда да құрметтеуді өтінеміз: сіздің жобаңыз кімге зиян келтіруі мүмкін? Сіз жобаға қатысатын адамдардың дауыстарын, тарихын және бейнелерін пайдалануыңыз үшін олардың келісімі қажет; ондай келісім сізде бар ма? Сіздің хикаяларыңызда басты кейіпкерлері ретінде әрекет етуге әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндік берілген бе? Сіз өз жобаңыздың қатысушыларын және сізбен бөлісетін білімдерді, олар үшін маңызды және зерттеудің халықаралық этикалық стандарттарына сәйкес келетін мағынада құрметтейсіз бе? Сіз өзіңіз және  хикаяңызда келтірілген адамдар арасындағы күш теңестірілген бе? Сіз оларға бас тартуға, олардың хикаядағы қалай ұсынғанын өзгертуге, олардың көзқарасын тыңдап және оны құрметтеуге құқық бердіңіз бе? Сіз бұл мәселелерді жұмысыңызда қамтып көрсеткеніңізді өтінеміз. Табысты жобаларға оның этикалық көзқарасын әзірлеп, іске асыру кезінде оған ұстануды өтінеміз.